Жатақханада тұру шарттары

 

Жатақхана жұмысын реттейтін негізгі құжат ішкі тәртіп ережелері болып табылады. Біздің жатақхананың жобалық қуаты 100 орынды құрайды. Өмір сүру және тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық, санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келеді. Қыздар 2 қабатта, ұлдар 3 қабатта тұрады. Жатақханада студенттер сабаққа дайындала алатын кітапхана, демалыс бөлмесі бар, онда тәрбиеші апта сайын өткізетін іс-шаралар өтеді және оқудан бос уақытта спутниктік теледидар бағдарламаларын күн сайын қарау ұйымдастырылған. Жатақханада душ, 2 қолжуғыш бөлме, 1 асхана, 2 дәретхана бөлмесі бар. Жатақханадағы барлық үй-жайлар мен тұрғын бөлмелер қажетті жабдықтармен, мүкәммалмен және жиһазбен жабдықталған. Жатақхана үшін төлем айына 5 мың теңгені құрайды. Жатақхана онда тұратын студенттер үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етеді.