Оқуға түсу үшін құжаттар тізімі

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов кәсіптік-техникалық колледжі" КМҚК қабылдау туралы өтінішіне үміткерлер қоса тіркейді:

- білім туралы құжат (түпнұсқа)

- 0-86 / У нысанындағы медициналық анықтама (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін-медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы) флюросурет қосымшасы бар

- көлемі 3 х 4 төрт фотосурет.

Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі, ата-анасы немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеген адам-пана іздеген адамның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.

Оқуға түсушілердің өтініштері тіркеу журналдарында оқу нысандары бойынша тіркеледі.