Талапкерге

19 қарашада Денисовка а. өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшінші курс студенттерімен "Дұрыс таңдау жаса, ҚР ІІМ ТЖК КТИ оқуға түс"тақырыбында әңгіме өткізді.

21,22 қарашада колледжде №1, №2, №3 Денисов орта мектептерінің және Антоновка негізгі мектебінің түлектеріне "Бухгалтер", "Аспазшы", "Сылақшы", "Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинист" біліктіліктері бойынша кәсіби сынамалар өткізілді.

19 сәуірде колледж әкімшілігі және студенттері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша үгіт бригадасы, Қамысты ауданының мектеп түлектерімен кездесті. Түлектер колледждің тарихымен, мамандықтармен, оқуға түсу және оқу шарттарымен танысты.