Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов кәсіптік- техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорны

 

 (49-0-97) ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚТЫ ХАБАРЛАНДЫРАДЫ

 

Сенім телефоны – бұл кез келген адам өмірдің қиын жағдайын талқылау үшін анонимді түрде жүгіне алатын және өзінің сауалына жауап таба алатын қызмет.

«Сенім телефонының» мақсаты – отбасылық жайсыздықты, балалар мен жасөспірімдердің күйзелген және суицидальды көңіл-күйлерін алдын алуға, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасыны нығайтуға мүмкіндік беру.

«Сенім телефонының» жұмысы қызықтыратын мәселелер бойынша қоңырау шалушыны ақпараттандыру, мүмкін болатын көзбе-көз кеңес және практикалық көмек үшін маманды сауатты таңдау мүмкіндіктерін береді.

Абоненттермен жұмыс телефон арқылы кеңес беру қағидаттарына сәйкес жүргізіледі:

  • Құпиялылық;
  • Қол жетімділік;
  • Абонентке құрмет;
  • Абонентті тыңдау.

«Сенім телефонының» жұмыс режимі – 7 сағат

Үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін