Михаил Милёхин, 148-Т тобының студенті

Денисов кәсіптік-техникалық колледжі

 

Әкенің жолымен

 

Маған, ауыл тұрғынына, ешқашан мамандық бойынша біреу болу, жүз мыңдаған мамандықтың ішінен біреуін таңдау ойыма келмепті. Осы мәселе бойынша ешкім маған қысым көрсетпеген. Ата-анам мені әрдайым дұрыс бала деп санады және шексіз сенді, сондықтан әкем, Андрей Владимирович сияқты механизатор болуға шешім қабылдағанда ешқандай келіспеушілік туындамады.  

 

Тек бір күні әкем былай деп айтты: «Ұлым,баранканы айландыру және жылдамдықты қосу – бұл біздің ісіміздегі барлық ғылым емес, егер сен жақсы маман болғың келсе, оқу керек» деді. Әкемнің сөзі – мен үшін заң, сосын мен Денисов кәсіптік-техникалық колледжіне оқуға түстім, қазір міне екінші курста жақсы оқып жатырмын.  Менің таныстарымның арасында менің таңдауымды мақұлдамайтындар бар және маған әкенің жүктелген қолына қарап, басқа мамандық туралы ойлану керек деп те айтады. Өз әкемді міне он сегіз жыл күндегісін күнде көремін, шынымен, ыстық күндері шаршап келеді, бірақ сол сәтте оның көзін көру керек, бақытты адамның көзі, өмірінде барлығы жайғасқан: жұмыс, отбасы, достары. Әкем мені өзімен жұмысқа жиі алып баратын және былай дейтін: «Қара, ұлым, наннын қалай өсетнін, оны өсіру үшін қанша еңбек пен махаббат керек екендігіне». Мен оның әрбір сөзін, оның әрбір еңбек әрекетін өзіне сіңірдім, әкем маған тәлім беріп, тең сөйлейтінін мақтан тұтатынмын. Ол жұмыс жасап жатқанда оны бақылағанды ұнататынмын. Ол бәрін оңай жасайтын, тіпті ойнап жатқандай. Комбайнның масақтарды тіп-тіке қойып жатқанын, астықтың көлікке өзендей төгіліп жатқанын, әкемнің бидайда бір алақанынан екінші алақанына салғанын, күлімсіреп онын дәмін татып жатқанын қарағанды жақсы көремін. Білесіздер ме, мені не таңқалдыратынын? Бұл астықты кептіру қажет болған кезде ғана, жинау кезінде орын алады. Таңертең далаға ерте шыққанда, күтпеген жерден: жаңа пісірілген нан иісі шығады. Бұл үй мен жылудың иісі мені ғана емес, сонымен қатар барлық  Перелесок тұрғындарын да есінен тандырады. Осының бәрінде ертеңгі күнге деген сенімділік пен үміт бар секілді…  

 

Өтірік айпай-ақ қояйын, бірақ маған ( тіпті, көптеген менің қатарластарыма да) барлығын және бір мезгілде алғысы келеді, кейді тіпті, уақытты босқа алатын пәндерде бар секілді көренеді. Мен тезірек диплом алып, әкемнің жанында тұрып, сүйікті ісіммен айналысып, менің ең жақын адамым мені мақтан ететіндей өмір сүргім келеді.