15 маусым күні колледжде «Оқушылардың жазғы жұмыспен қамтылуы, жазғы кезеңдегі қауіпсіздік» атты ата-аналар жиналысы өтті.

Мынадай мәселелер қарастырылды: «Жазғы жұмыспен қамту және жазғы кезеңдегі қауіпсіздік ережелері» - директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Л. А. Гринина, «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың және суицидтік мінез - құлықтың алдын алу» - әлеуметтік педагог О. В. Темірбаева, «Балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналардың жауапкершілігі мен міндеттері» - Денисов ПБ колледжінің инспекторы Н.Б. Серікжанов.